Интернет-алаяқтық фактілері өршіп барады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 295 фактісі тіркелді. Оның 140-нда алаяқтар өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД мәліметінше, алаяқтар көбінесе білім беру және медицина саласының қызметкерлеріне қоңырау шалады. Сондай-ақ тәуекел тобындағы қажетті қаржылық сауаттылық деңгейі жоқ зейнеткерлерге де хабарласады.

Полиция департаментінде өткен кездесуге ішкі саясат, прокуратура және екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты. Жиында халықты қылмыстың осы түрінен қорғау тәсілдері, қолданыстағы сот механизмдері талқыланды. Сондай-ақ барлық қатысушылар ақпараттық-профилактикалық жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Полицейлер бірқатар практикалық ұсыныстар әзірледі. Олардың ішінде – банкингтің мобильдік қосымшалар жүйесін пайдалану қауіпсіздігі мәселесін пысықтау, онлайн-несиелер беру ережелерін қатаңдату. Банк карталарын жасатып шығарған кезде тәртіп сақшылары клиенттерге оларды үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілік көзделгені туралы хабарлауға кеңес береді. Осы және басқа да ұсыныстарды одан әрі іске асыру үшін негізгі банктер мен мүдделі мемлекеттік құрылымдар деңгейінде көтеру ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz