Полиция полковнигі Қанат Айтбаев зейнет демалысына шықты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО тәртіп сақшылары полиция полковнигі Қанат Айтбаевты құрметті демалысқа шығарып салды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қанат Айтбаев ішкі істер органдарында 1992 жылдан бері қызмет етіп келген. Өмірінің 32 жылын құқық қорғау саласына арнаған азаматты әріптестері құрметті демалысқа шығарып салды.

Салтанатты жиында СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов, басқармалар мен дербес бөлімдердің бастықтары, облыстық полиция ардагерлері жылы лебіздерін білдірді. Қанат Айтбаев өзіне ғана емес, қарамағындағы бағынысты қызметкерлерге деген талапшылдығымен, адамгершілігімен және дағдарыстық сәттерде дұрыс шешім қабылдай алуымен есте қалды. Ол учаскелік полиция инспекторы, жедел уәкіл болып қызмет атқарды, криминалдық полиция бөлімдеріне жетекшілік етті. 2016 жылдың 1 қаңтарында жергілікті полиция қызметі құрылды. Солтүстік Қазақстан облысында жаңа бөліністі басқаруға Қанат Айтбаев тағайындалды.

Жылдар бойы оның жетекшілік етуімен қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың жаңа тетіктері қолға алынды. Жеке өзі барлық аудандық полиция бөлімдеріне бірнеше мәрте барып қайтты. Учаскелік полиция инспекторларының есептік кездесулері өткен 100-ден астам ауылдық округтерге барып, тұрғындармен кездесті. 2017 жылы болған алапат су тасқыны кезінде және коронавирус пандемиясы кезінде құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуіне жауапты болды.

Қанат Айтбаевтың орнына СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымына бұған дейін Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарған полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz