231
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов және China Nonferrous Metal Mining Co. Ltd. Директорлар кеңесінің төрағасы Си Чжэнпин мыс саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
— Мемлекет басшысы орнықты экономикалық өсім міндетін қойды. Жаңа мыс балқыту зауытының құрылысы – елімізде өндірілетін мыс шикізатын қайта өңдеу көлемін арттыруға мүмкіндік беретін және экономикаға елеулі үлес қосатын ірі индустриялық жоба. Мыс саласы біздің өнеркәсіптің басым секторларының бірі және біз үшін оның қарқынды дамуы өте маңызды, — деп атап өтті Олжас Бектенов.