Маусымның 5-і күні тасқын судан зардап шеккендерге 50 баспана беріледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солнечный 2 шағынауданында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан 700 үйдің елуі 5 маусым күні халық игілігіне тапсырылады. Естеріңізге салсақ, аталған шағынаудандағы құрылыс жұмыстары сәуірдің 24-і күні басталған болатын. Бүгіндері 100 баспана 90 пайызға дайын, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылыс басқармасының мәліметінше, 700 үйдің 200-і «Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруымен тұрғызылуда. Бұл мақсатқа 5 млрд. теңге бөлінген еді. 300 баспана «Қазақмыс» компаниясының қаражатына салынса, тағы 200-і екінші деңгейлі «Kaspi bank» қолдауымен, қалғандары «Yda» түрік компаниясымен және жеке инвесторлардың қаржысына бой көтермек.

– Үйлерді тұрғызуға жер бөлінді. Сметалық құжаттар әзірленіп болған соң, құрылыс жұмыстары басталады, – дейді басқарманың баспасөз хатшысы Майгүл Елемесова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz