Ерлігі ұмытылмас

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да ерлікпен қаза тапқан полицейдің құрметіне алғашқы әскери және технологиялық сынып ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жаңа ашылған сыныпқа қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкері, милиция капитаны Анатолий Добрыниннің есімі берілді.

Есіл ауданы Петровка ауылының тумасы Анатолий Добрынин қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінің аға инспекторы лауазымында қызмет атқарған. Ол 1993 жылы 14 қарашада полиция бөліміне шабуыл жасау кезінде түнгі кезекшілікте қайтыс болды. Қарулы қылмыскерлер бөлімде сақталған қаруды одан әрі сату үшін иемденгісі келген. Жоспарлары жүзеге аспады. ІІО қызметкерлері олардың жолын бөгеп, Анатолий Добрынин сол кезде алған жарақатынан көз жұмды.

Сыныптағы экспозиция қазіргі ұрпаққа қаза тапқан қызметкердің ерлігін насихаттайды. СҚО ПД мұражайында сақталған материалдар көрсеткендей, бірде әріптесінің “Бақыт деген не?” деген сұрағына Добрынин былай деп жауап берген: “Бақыт — бұл менің жұмысым, күн сайын өзіме және айналамдағыларға жаңа нәрселерді ашуға, тоқтамауға, дамуға деген мүмкіндік”.

Жас жерлестері үшін батырдың есімі парызға адалдықтың үлгісі және адамгершілік бағдары болып қала бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz