Елордада «Студенттік спорт лигасы» аясында жүзуден республикалық жарыс өтті. Оған «Дельфин» балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпаратына сәйкес, ерлер қатарында Артем Казанцев 50 метр қашықтыққа жүзіп, алтын медальға қол жеткізді. Сондай-ақ 100 метр қашықтықта күміс жүлдені олжалады. Ал қыздар арасында Мирослава Пригоженко 50 және 100 метр қашықтықта екі бірдей бірінші орынды қанжығасына байлады.
Ерлер мен қыздар аралас эстафетада жерлестеріміз бірінші орынды иеленсе, комбинациялық эстафетада күмісті еншіледі.