Жабайы жануарда құтырма ауруы анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Старобелка ауылында жеке тұрғын үйдің қора-қопсысынан ұсталынған түлкіде құтырма ауруы анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ветеринария басқармасының ақпаратына сәйкес, Старобелка ауылының тұрғыны мамырдың 28-сі күні ауласына кіріп кеткен жабайы жануарды ұстады. Кейін белгілі болғандай, түлкі құтырма ауруына шалдыққан.

– Жануар өзін агрессивті ұстады, оның жүні шашыраңқы болып, сілекей көп бөлінген. Күдіктенген үй иесі оқиғаны тиісті орынға хабарлаған. Патологиялық материалды зертханада тексергеннен кейін түлкіде құтыру диагнозы расталды. Түлкі үй жануарларымен байланыста болмаған, — дейді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.

Алдағы уақытта Бірлік ауылдық округінің әкімі эпизоотиялық індетті жою және аурудың алдын алу мақсатында тұрғын үй аумағында шектеу шараларын белгілеу туралы шешім қабылдамақ. Оның нәтижесінде түлкі ұсталынған баспана иесінің қора-қопсысы зарарсыздандырылып, барлық үй жануарына құтырма ауруынан екпе қойылады.

Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, облыста бірде-бір ауыл шаруашылығы жануары құтырма ауруына шалдықпаған. Қауіптті дертке шалдығудың соңғы дерегі 2021 жылы анықталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz