Данияр Қуанышбаев — СҚО энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметті Данияр Қуанышбаев атқаратын болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Данияр Қуанышұлы Қуанышбаев 1985 жылы 15 қаңтарда Көкшетау облысы Рузаев ауданы Гавриловка ауылында дүниеге келген. Жоғары экономикалық білімі бар. 2006 жылы Абай Мырзахметов атындағы университетті тәмамдады. Кейін Ш. Уәлиханов атындағы КМУ «Құрылыс» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры дәрежесін алды.

2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызметте. Еңбек жолын Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде жетекші маман болып бастады. 2008 жылы бас маман болып ауыстырылды, ал 2011 жылы нақты секторды дамыту бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы экономика және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы болды. 2015 жылдың сәуір айынан бастап 2018 жылға дейін жоғарыда аталған басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды. Ал 2018 бастап Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болды. Осы тағайындауға дейін Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz