СҚО-да найзағай ойнап, жаңбыр жауады. «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша құбылмалы ауа райы күні бойы сақталмақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде де тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с.