СҚО-ға Аризона университетінің делегациясы келді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне Аризона университетінің делегациясы келді. Шетелдік меймандарға жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы таныстырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері Петропавлдағы жалғыз жоғары оқу орнында АҚШ-тың университетімен биотехнология, ақпараттық жүйелер және білім берудегі инклюзия бойынша бірлескен қос дипломды бағдарламалар жұмыс істейді. Сондай-ақ Халықаралық су ресурстары орталығы аясындағы зерттеулер орталығы да бар.

Әріптестердің қолданыстағы халықаралық және қос дипломды бағдарламалары туралы басқарма төрағасы-ректордың м.а. Рената Апергенова хабарлады. Аризона университетінің химиялық инженерия және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының меңгерушісі, Доктор Кимберли Л. Огден университеттегі химиялық -технологиялық бағытына қызығушылық танытып, химия және ХТ кафедрасының өкілдерімен кездесті.

Агротехнология факультетінің деканы Алтын Шаяхметова Аризона университетінде 9 ай бойы ғылыми тағылымдамадан өткенін атап өткен жөн. Америкалық әріптестерімен кездесуде ол сапардың нәтижелерімен бөлісті.

– Бұл тек ғылыми ғана емес, әкімшілік жұмыстың да ұмытылмас тәжірибесі болды. Алдағы уақытта өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, су ресурстары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру бойынша үлкен жоспарларымыз бар, — деді ол.

Кейін агротехнология факультетінің студенттері Аризонаның құрғақ жерлерді дамыту бастамасының мал шаруашылығы орталығының директоры, доктор Дуэйн Майкл Вульфпен кездесті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz