Қызылжар ауданында мектеп оқушылары арасында «Мағжан оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Байқаудың мақсаты – жерлесіміз, ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Биыл аудандық байқау 2 аталым бойынша ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясында Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын жатқа оқып жарысса, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» сынында жас дарынды ақындар өз өлеңдерін қазылар алқасына таныстырды.
Байқауға екі аталым бойынша 8 оқушы қатысты. Жеңімпаздар анықталып, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.