БЕТІ БЕРІ ҚАРАДЫ

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда көп қабатты үйдің терезесінен құлап, ауыр жарақат алған бүлдіршіннің беті бері қарады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 жасар бала үш тәулікке жуық жансақтау бөлімінде жатты. Бүгін травматология бөліміне ауыстырылды.

«Жағдайы жақсарғанымен, әлі де ауыр. Қосарлас жарақат алған, яғни басқа сынықтармен қатар, жабық бас-сүйек жарақаты бар. Миы шайқалып, бірнеше омыртқа сүйегі компрессиялық сынық алды. Оң жақ өкпесі соғылып, пневматоракс анықталды», — дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Естеріңізге салайық, Петропавлда бес қабатты үйдің терезесінен 4 жасар бүлдіршін құлап кеткен еді. Оқиға 7 маусым күні «Береке» шағын ауданындағы Ибраев көшесінде болған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz