Құрылысшының қазасы

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда жұмысшының үстіне балшық құлап кетті. 22 жастағы жігіт ауруханада тілге келместен қайтыс болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық еңбек инспекциясының мәліметінше, оқиға 3 маусым күні кешкі сағат 21.00 шамасында болған. Сол күні жұмысшылар «Масло-дел» кәсіпорнының қосалқы ғимаратына су құбырын тарту үшін қазылған шұңқырды тазалаған. Абайсызда 2001 жылы туған жігіттің үстіне топырақ құлап, басып қалған. Жедел-жәрдем қызметі жарақат алған жігітті ауруханаға жеткізгенімен, ол ота барысында қайтыс болды. Марқұмның ішкі органдары езіліп кеткен. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция тергеу жүргізіп жатыр.

«Жұмыс беруші белгіленген тәртіп бойынша жазатайым оқиға жайында басқармаға хабарлады. Жұмысшымен биыл 4 наурызда азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасалған екен. Мұндай шарт болған жағдайда мәселе ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне сай реттеледі», — деді СҚО еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Азат Көшербаев.

Бұған дейін Петропавлда 4 жасар баланың терезеден құлап кеткені туралы жазған едік.

Естеріңізге салайық, СҚО-да былтыр жұмыс орнында жазатайым оқиға кезінде 38 адам зардап шеккен, оның 11-і қайтыс болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz