Орта білім туралы аттестатты Egov Mobile қосымшасынан алуға болады

Авторы: Qyzyljar News

Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше осы жылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды.

«Аттестатты алу үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» сервисіне өту керек. Мұнда «Менің балаларым» бөлімінде ата-аналар мен заңды өкілдері үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары қолжетімді болады», дейді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева. 

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Оқу-ағарту министрлігі eGovMobile мобильді қосымшасында «Bilim» жаңа сервисін іске қосқан болатын. Мұнда білім туралы мәліметтер, цифрлық құжаттар берілген бірнеше бөлім бар. Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-кодпен беріле бастады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz