Диқандарға қолдау

Авторы: Qyzyljar News

Диқандар үшін ыңғайлы “Кең дала-2” бағдарламасына ел бойынша бүгінге дейін 300-ден астам кәсіпкер қатысса, соның 38-і – біздің өңірдің диқандары деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz. Олар жалпы сомасы 2,8 млрд. теңге жеңілдетілген несие алды.

Көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын қар­жыландыруға бағытталған “Кең дала-2” бағдарламасы бойынша несие алғандардың бірі – “Полтавское” жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігі. Аққайың ауданындағы шаруа­шы­лықтың 15 мың гектарға жуық алқабы бар, дәнді, май­лы дақыл, жемшөп егеді.

“Бұған дейін “Кең дала” бағ­дарламасы бойынша 400 млн. теңге алдық. Жаңадан қабылданған “Кең дала-2” бағдарламасы арқылы біз 200 млн. теңге алдық. Өте ыңғайлы бағдарлама, өйткені қарызды күзде қайтаруға болады. “Кең дала-2” бағдарламасы арқылы қаражат белгілі бір мақсатқа беріледі. Біз алған ақшаның 90 млн. теңгесіне мың тонна тыңайтқыш алып, осылайша 40 пайызын төледік. 30 пайызы гербицид алуға жұмсалды. Бұл қаражатты жұмысшылардың еңбекақысын беруге пайдалануға болады. Диқандарға көмек керек, былтыр орақ қиын жағдайда өтті. Көктемде су тасқыны болды, қосымша шығынға батып жатырмыз”, – дейді “Полтавское” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Ерлан Зікірин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz