Аудан тұрғындарына келтірілген залал өтелуде

Авторы: Qyzyljar News

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың тоғыз өтініші бойынша мүліктің тізбелері мен меншік құқығын растайтын құжаттар қаралды деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz. Әр отбасына 100 АЕК, одан бөлек, Новоишим ауылынан 6 отбасына жалпы сомасы 2215,2 мың теңге мөл­шерінде біржолғы төлем, сондай-ақ жылжымалы мүлікке материалдық залалды өтеу бойынша 2845 мың теңге өтемақы берілді. Сонымен қатар бюд­жет­тен тыс қаражат есебі­нен 1 млн. теңгеден астам сомаға қаржылай көмек көрсетілді.

Үкіметтің қаулысына сәйкес тұрғындарға төтенше жағдай салдарынан қираған немесе тұруға жарамсыз болған тұрғын үйдің жалпы ауданынан кем емес мөлшерде Новоишим ауылында дайын тұрғын үйді таңдау мүмкіндігі берілді. Сатып алынатын тұрғын үйлерге ба­ғалау және техникалық тексеру жүргізілді. 7 тұрғынға “QYZYLJAR ASAR” корпоратив­тік қорының қаражаты есебінен 122 855 000 теңгеге тұрғын үй­лер сатып алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz