Сингапур нарығына жол ашылады

Авторы: Qyzyljar News

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, күн тәртібінде негізінен әлеуметтік, құқықтық мәселелерді қарастырған заң жобалары талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.  Сондай-ақ бірқатар халықаралық келісімді ратификациялауға бағытталған заңдар қабылданды. Сонымен қатар Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа алды.

Күн тәртібінде қаралған алғашқы екі заң жобасы туралы, яғни «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем алу тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жайлы ілеспе баяндаманы Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Татьяна Савельева жасады. Сондай-ақ ол осы мәселеге байланысты еліміздің Салық кодексін жетілдіру бойынша өзгерістер енгізу туралы да баяндады.

Сондай-ақ жалпы отырыста қаралған халықаралық келісімдерді ратификациялауға қатысты заң жобаларынан Қазақстан-Сингапур ынтымақтастығы аясындағы келісім де мақұлданып, тиісті шешімі шығарылды. Осы ратификацияның арқасында енді еліміздің қызмет экспорттаушылары Сингапур нарығына шыға алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz