Алматы облысы, Талғар ауданы, «Қобыланды» ипподромында осы айдың 10-11 күндері теңге ілуден алғашқы Азия чемпионаты өтті. Оған 10 елден 30 спортшы қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия, Қытай, Ауғанстан, Ресей спортшылары қатысты.
«Бұл – үш стильде өтіп жатқан бірінші Азия чемпионаты. Бұны 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық десек те болады», деді Теңге ілу халықаралық федерациясының президенті Амангелді Әбдіқадыров.