Кәсіпкерлер палатасында әйел кәсіпкерлердің қатысуымен алғашты реалити-шоу өтті. Онда 16 келіншек 6 айлық оқыту курсына жолдама алу үшін сынға түсті. Белгілі кәсіпкер Әсел Құсмановамен жарты жыл бойы бірге жұмыс істеп, тәжірибе динау мүмкіндігі 10 кәсіпкерге бұйырмақ. 14 жылдан бері бизнесте жүрген тәлімгердің қала мен еліміздің бірнеше өңірінде балалар дүкендері бар.
-Бүгін жобаның іріктеу кезеңі өтеді. Жеңімпаздар көрермен дауысы және қазылар алқасының берген бағасы негізінде анықталады. Бір жолдаманың иесі кездейсоқ таңдалады. Шоуда қатысушылар түрлі тапсырмалар орындайды. Егер олар тапсырманы орындай алмай жатқанын байқасақ, қоштасуға тура келеді. Мұның бәрі көрерменге тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл- өңірдегі осындай бағыттағы алғашқы реалити-шоу,-дейді тәлімгер Әсел Құсманова.