Петропавлда алимент төлеуден қасақана жалтарған 62 адам прокурорлардың бақылауында, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz
Петропавл қаласы прокуратурасының мәліметінше, қадағалаушы органның бастамасымен «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – алимент бойынша борышы барлар мен пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру. Іс-шара нәтижесінде 15 адам жұмыс тапты. Жалпы биыл прокуратураның үйлестіруімен 154 адам жұмысқа орналастырылған.
«Қазіргі уақытта біздің бақылауымызда алимент төлеуден жалтарған 62 борышкер бар. Атқарылған жұмыс нәтижесінде 21 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жәбірленушілермен татуласуына байланысты 2 адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұдан басқа, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен бір борышкерге бір жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза қолданылды», – дейді прокуратура өкілдері.
АЛИМЕНТТЕН ЖАЛТАРҒАНДАР ҚАДАҒАЛАУШЫ ОРГАННЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА
344
алдыңғы жаңалық