Өңірімізде жыл сайын қазақ тілін дамыту және оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты байқау ұйымдастырылады. Биылғы дәстүрлі шараға 8 қатысушы өз туындыларын жіберіпті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
— Бұл байқауға қатысушылардың арасында аудандарда қызмет ететін тілшілердің көбейіп отырғаны қуантады. Алдағы уақытта оның ауқымын кеңейтуді, талапкерлер қатарын ұлғайтуды жосарлап отырмыз, — дейді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Ернияз Сұлтан.