СҚО-да маусым айында инфляция деңгейі 8,9 пайызды құрады. Өңірде бір жылдың ішінже азық-түлік тауарлары 6% — ға, ақылы қызметтер 15% — ға қымбаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметінше, бір жылдың ішінде жеміс бағасы 22% — ға, күріш бағасы 28% — ға өсті. Қызылша 17% — ға, картоп 12% — ға, сәбіз 4%-ға қымбаттады. Кондитерлік өнімдердің бағасы 13% — ға, тұздалмаған сары май 12% — ға, балық пен теңіз өнімдеріне 10% — ға, сиыр мен шошқа еті 5% — ға өсті. Сонымен қатар, өсімдік майы 19% — ға, жарма 22% — ға арзандады.
Пияз бағасының айтарлықтай төмендеуі байқалды. Қырыққабат құны 14% — ға төмендесе, азық-түлік емес тауарлардың ішінде бір жылдың ішінде жеке пайдалануға арналған заттар, аспаптар мен тауарларға, фармацевтикалық өнімдерге, киім мен аяқ киімге, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған материалдарға бағаның өсуі байқалады.
Тұрғын үйді жалға алу 22% — ға өсті. Көлік қызметтері 13% — ға қымбаттады. Сұлулық салондары мен мейрамханаларға бару қазір тиісінше 18% және 11% қымбатқа түседі.