Сирек қаруды заңсыз сақтаған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері сирек кездесетін қаруды заңсыз сақтаған азаматты ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне атыс қаруын заңсыз сақтайтын облыс орталығының тұрғыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Шілденің 9-ы күні азаматтың тұрғылықты жері бойынша тергеу іс-қимылдары барысында оның үйі мен гаражының жертөлесінен «Шпагина» пулеметі, «Мосин» мылтығының пышағы, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, түрлі оқ-дәрінің 11 данасы, 8 пышақ тәркіленді.

Атыс және суық қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс шеңберінде тәркіленген заттар бойынша сот сараптамалары тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz