«Жезқазған – Петропавл» автожолында үш көлік соқтығысты. Салдарынан жүргізушілердің бірі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол-көлік оқиғасы шілденің 10-ы күні сағат 17:40-та орын алды. «Lada Granta», «DAF» және «Audi A4» маркілі көліктер соқтысып, алғашқысын тізгіндеген 38 жастағы азамат дереу облыс орталығындағы ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта ҚР ӘҚ кодексінің 610-бабына сәйкес жол-көлік оқиғасына қатысты материалдар жинақталуда.