Шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл елімізде шомылу маусымы басталғалы балалардың суға кетуі жиілеп отыр. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Шомылу маусымы басталғалы 70 адамның ажалы судан келді. Оның ішінде 30 бала бар. Өткен жылы 83 адам суға кетіп қайтыс болған. Биыл суға кеткен баланың саны өткен жылмен салыстырғанда көп, — деді Ақылбек Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

ТЖМ өкілінің айтуынша, суға кеткен балалардың дені қараусыз қалған немесе рұқсат етілмеген жерде шомылған.

— Дегенмен жыл сайын суға батып қайтыс болғандар саны азайып келеді. Атап айтқанда, 2021 жылы 3 пайызға, 2022 жылы 42 пайызға, 2023 жылы 4 пайызға, биыл 15 пайызға төмендеді. Дей тұрғанмен, әр статистиканың артында адам өмірі мен жақындарының қайғысы тұрғанын ұмытпауымыз керек. Соңғы 10 жылда 2 мыңнан астам адамның өмірі судан қиылып отыр (2 240 ересек, 701 бала), — дейді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz