Қала тұрғындары мен қонақтарына сый

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Алдағы демалыс күндері облыс орталығында қала күні кең көлемде аталып өтілмек. Айтулы датаға орай шілденің 1314 аралығында шаһарда ауқымды шаралар ұйымастырылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Шілденің 13-і күні Петропавлдың бас алаңында сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін III халықаралық «Qyzyljar Music Fest» фестивалі өтеді. Концерт барысында алдымен  жергілікті «Әдемау», «Мәңгілік», «Sensіtive» сынды би ұжымдары өнер көрсетеді. Кешкі 19:00-ден 22:00-ге дейін классикалық музыка кеші ұйымдастырылып, жергілікті өнерпаздармен қатар Астана қаласынан келген Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі, Мәскеулік классикалық музыка және симфониялық рок орындаушысы Денис Шаповалов, Аргентинадан келген Ivanna Speranza мен Италиядан келген David Piaggio опера әншілері өнерлерін ортаға салмақ.

Шілденің 14-і Петропавлдың орталық алаңда 10:30-дан 14:00-ге дейін «Менің сүйікті қалам» интерактивті алаңы жұмыс істемек. Сонымен қатар осы уақытта барлық жастағы балаларға арналған  «Город детства» бағдарламасы да өтеді. Өлкетану мұражайының ауласындағы өнер орталығында 10:00-14:00 аралығында «О тебе, мой любимый город» әдеби қонақ бөлмесі ұйымдастырылады.

Жексенбі күні Мещан орманындағы саябақта сағат 11:00-12:30 аралығында «Арман қала» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. Ал «Бірлік» шағынауданының тұрғындарына «Шуақты қала», «Береке» шағынауданында «Жаса, жайна ару қалам»  концерттік бағдарламалары өтеді.

Петропавлдың бас алаңында қала күніне арналған мерекелік концерттер 18.00-де басталады. Кешкі сағат 19.00-20.30 аралығында «Сүйікті қалам» атты гала-концертінің салтанатты ашылуы өтеді. Іс-шарада эстрада жұлдыздары   Гүлмира Ісбасханова мен Артур Давлетьяров өнер көрсететін болады.

Пестрый көлі маңындағы «Солтүстік жұлдызы» саябағында да мерекелік концерт ұйымдастырылмақ. Сағат 16.00-19.00 аралығында әуесқой командалар арасында қалалық жағажай волейболынан турнир және жағажай футболы жарысы өтеді. Ал 16.00-22.00 аралығында «Жас қала» бояу шоуы ұйымдастырылып, шаһар тұрғындары үшін «Domino» тобы өнер көрсететін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz