СҚО-да ветеринарларға қызметтік автокөліктер табысталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл ветеринария саласының мамандары алғаш рет кәсіби мерекесін атап өтуде. Бұл мерекені бекіту — ветеринария саласының стратегиялық маңыздылығының айқын көрінісі. Бүгін салтанатты жиында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің  ветеринария қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттарды табыс етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

photo1720711038 1
Ветеринарлық қызмет эпизоотиялық әл-ауқатты сақтау үшін күрделі және маңызды жұмыс атқаруда. Өңірдегі ветеринарлар жыл  сайын 7 млн егу жұмыстарын жүргізіп, 1 млн мал мен құстарға тексеру жүргізеді. Тұрақты бақылаудың арқасында азаматтар қауіпсіз ет және сүт өнімдерін тұтынады.

Ветеринария саласының материалдық-техникалық жабдықталуы жақсарып келеді. Биыл 38 қызметтік автокөлік сатып алынды, олардың кілттерін өңір басшысы барлық аудандық ветеринарлық станцияларға табыс етті. Сондай-ақ компьютерлер, модульдік ветеринарлық пункттер мен құрылғылар сатып алынды. Бұл ветеринарлық қауіпсіздік мәселелеріне оң әсерін тигізбек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz