Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында баскетболдан жарыс өтті. Ұлттық мектеп лигасы аясында өткен додаға СҚО командасы да қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Облыс намысын тайыншалық баскетболшылар қорғады. Жерлестеріміз барлық қарсыластарын қап қалдырып, алтыннан алқа тағынды.
Жақында туған жерге оралған спортшылардың құрметіне аудандық Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына ақшалай сыйақы табысталды.
Естеріңізге салсақ, елімізде жыл сайын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 5-11 сыныптар арасында баскетболдан Ұлттық мектеп лигасы шеңберінде көп кезеңді жарыстар өткізіледі.