Полицейлер құны 15 млн. теңгеден асатын вейптерді тәркіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі күнде Петропавл қаласында вейптерді заңсыз сатудың үш фактісін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Интернационал көшесіндегі дүкендердің бірінде қала тұрғыны ҰҚҚКБ жедел уәкілдері тыйым салынған заттарды саудалағанын анықтады. Тінту кезінде екі маркалы 150 вейп тәркіленді. Олардың жалпы сомасы 2 млн. 400 мың теңгені құрады. Сондай-ақ Алтынсарин көшесінде 19 жастағы қала тұрғыны жалға алған көлікжайда 197 вейп пен оларға арналған сұйықтық құйылған 542 құтыны сатқаны анықталды. Тәркіленген заңсыз тауардың жалпы сомасы 7 миллион теңгені құрады. Жас жігіт аталған тауарды сатуға заңмен тыйым салынғанын біле тұра, оларды сатып келген. Ол бұл ісін іске асыру үшін Telegram мессенджерін де пайдаланған.

Бұдан бөлек, Добровольцев көшесінің бойында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Volkswagen» автокөлігінің 19 жастағы жолаушысынан түрлі маркадағы 272 вейп пен оларға арналған сұйықтық құйылған 130 құтыны анықтады. Оның құны 6 миллион 220 мың теңгеге бағаланды. Жас жігіттің айтуынша, ол да заңмен бұл тауарға тыйым салынғанын білген, бұған қарамастан танымал мессенджердегі каналды пайдаланып, осы өнімдерді сатып келген. Барлық үш факті бойынша да сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тергеу жүріп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz