Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер жазаланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында кей мектептер мен балабақшаларда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер жоғары бағаға алынып келген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл — СҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мамандары сала бойынша тексеріс жүргізгенде белгілі болды.

— Өңірдегі білім беру мекемелерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде сатып алу құны орташа республикалық көрсеткішке дейін төмендеді. 454 мектептің шығыны азайды, 458 мектепке дейінгі мекемеде 17 мың ата-ананың ақшасы үнемделді, — дейді департаменттің басшысы Бақытжан Абулхаиров.

Департаменттің бастамасымен белгіленген тауарлық үстемеден жоғары баға қойған 15 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде ұн, күріш, сары май, өсімдік майы, тұз, қарақұмық, айран, тауық жұмыртқасының орташа нарықтық бағасы 17%-тен 30% төмендетілді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz