СҚО-да 940 мың тонна шөп дайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспарлы көрсеткіштеріне сай өңірде малдың жайлы қыстап шығуы үшін 940 мың тонна шөп, 234,6 мың тонна пішендеме, 278,1 мың тонна сүрлем, 867 мың тонна сабан және 818 мың тонна мал азықтық жем дайындау керек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Оның ішінде үй шаруашылықтарындағы малдың қыстауына 424,1 мың тонна шөп, 406,4 мың тонна сабан және 277 мың тонна жем қажет болады деп жоспарланған.

Өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да біртіндеп дамып келе жатқан өңірімізде қысқы мал азығын дайындау да  – маңызды науқандардың бірі. Астық ору жұмыстарына әлі ерте болғанымен,  шабындықтарға шалғы түсе бастаған. Жалпы облыс бойынша 379 мың гектар жерге мал азықтық дақылдар егілген.

–Өңір алқаптарында 134,9 мың гектар жерге біржылдық шөп, 16,1 мың гектарға көпжылдық шөп егілсе, өткен жылдардан қалған шабындықтар көлемі –198 мың гектар. Көпжылдық шөптер аумағы мал азықтық алқаптардың 52 пайызын алып жатыр. Соңғы жедел деректерге сай өңірде 488,3 тонна шөп дайындалған. Бұл жоспарлы көлемнің 51,9 пайызына тең. Ал шабылған пішендеме көлемі –71,4 тонна. Әзірге қажетті пішендеменің үштен бір бөлігі дайындалған, –дейді облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз хатшысы Анастасия Харламова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz