«Аграрлық несиелік корпорация» филиалының басшысы сотталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қалалық соты «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директорына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Ол арнайы техника сатып алу және айналым қаражатын толықтыру үшін кредиттік қарыздарды жеделдетіп бергені үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 100 және 500 мың теңге мөлшерінде бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz