Бірлік шағынауданында 700 үйдің құрылысы жүріп, 200 үйдің кілті табысталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасылар жаңа үйлерге қоныстануын жалғастыруда. Петропавл қаласындағы Бірлік шағынауданы жаңа тұрғындармен толықты. Бүгінгі таңда, су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 700 үйдің құрылысы жоспарланып, 200 жаңа тұрғын үй кілттері табыс етілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа Бірлік шағынауданында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылыс барысымен танысты. Сәйкесінше, министр зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу жөніндегі жұмыстармен, тұрғын үйлердің жай-күйімен, келтірілген залалдың нәтижелерімен және қажетті қосымша құрылыс жұмыстарын барлап қайтты.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 3 993 объектіге техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:
— 700 үй салу — 200 аяқталды;
— 1329 үй сатып алу — 836 сатып алынды;
— 1964 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу — 1001 аяқталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz