Көпқабатты үйлердің жертөлелеріне су кірді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы 6 көпқабатты үйдің тұрғындары бірнеше күн бойы электр қуатынсыз отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Шілденің 22-сі күні қатты жаңбырдан соң Абай және Назарбаев көшелеріндегі үйлердің тұрғындары жарықсыз қалып, жертөлелеріне су кірді.

Абай көшесіндегі №47 үйдің тұрғындары суға арналған костюмдердің көмегімен жертөлеге кіріп, су деңгейін өз беттерінше өлшеді. Ол 145 см-ді құрады. Салдарынан бірінші қабаттардағы пәтерлерде едендер көтеріліп кетті. Сондай-ақ, тұрғындар тұрып қалған судың жағымсыз иістің салдарынан тәулік бойы терезелерін ашып қойып, амалдап отыр. Осыған қарамастан олар үйді паналауға мәжбүр. Себебі, көбінің басқа барар жері жоқ.

ПИК төрағасы Ирина Яуфман су басқан жертөлелердегі жағдай құбырлар ретке келтірілгенге дейін әр жауын-шашын бойы қайталанатынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz