Жергілікті «Қызылжар» футбол клубы сырт алаңда «Ақтөбе» командасымен кездесті. Ел біріншілігі аясында өткен ойында жерлестеріміз қарсыластарына есе жіберді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бірінші таймда алаң иелері көптеп шабуылдап, нәтижесінде ойынның 34-ші минутында «Ақтөбе» клубының ойыншысы Уче Агбр ашты. Кейін жерлестеріміз есе қайтаруға тырысса да, таразы басын теңестіре алмады.
Ойынның екінші бөлімінде ақтөбеліктер тағы бір нәтижелі соққы жасады. Осы жолы Жан Жаиро көзге түсіп, кездесудің нүктесін қойыды.
Футболдан ел біріншілігінде әзірге «Ордабасы» клубы көш бастап тұр. «Қызылжар» командасы болса, 10-шы орында келе жатыр.