Қала тұрғындары үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан дайын құжаттардыжеткізу жобасы іске асырылды. Клиенттергеқұжаттарды алу үшін ХҚКО-ға барудың қажетіжоқ, оларды курьер ыңғайлы уақытта жәнеқажетті мекен-жай бойынша әкеліп береді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Айта кетейік, сервис танымал мемлекеттікқызметтердің 144 түрі бойынша қолжетімді.Олардың ішінде: мұрағаттық анықтамалар,жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтінқұжаттардың телнұсқаларын, әскери билеттер менолардың телнұсқаларын, есірткі жәнепсихиспансерден, неке қию және бұзу туралыанықтамаларды беру және басқалар.
Жеткізу процесі барлығына қол жетімді.Клиент дайын құжаттарды express.gov4c.kz. портал арқылы жеткізуді ресімдеу ұсынысымен «1414» қызметінен SMS алады. Жеткізуге өтінімді ресімдеу кезінде клиентке сауалнамалық деректерді толтыру, жеткізу мекенжайы мен телефонын көрсету қажет. Содан кейін құжаттарды жеткізу үшін төлем жасау керек. Нақты уақыт режимінде курьерді қадағалап, онымен Яндекс GO мобильді қосымшасы арқылы байланыс орнатуға болады.Егер пайдаланушыда қосымша орнатылмаған болса, онда сіз SMS арқылы сілтемесі келетін карта виджетінде бақылай аласыз
Азаматтар Петропавл қалалық №1, №2, №3 халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде құжаттарды дайындауға берген өтініштері бойынша дайын құжаттарды жеткізуге тапсырыс бере алады.