Прокуратура мектепке дейінгі білім беру орындарына жеткізілетін тауар бағасының көтерілуіне жол бермеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бюджет қаражатын ұтымсыз жұмсауына жол берілмеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Петропавл қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарын тексеру нәтижелері бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мемлекеттік сатып алу кезінде бағаны көтермелеу фактілерін анықтады. Жеткізушілер мектепке дейінгі ұйымдарға қарақұмықтың бір келісін 700 теңгеден сатса, орташа бағасы 330 теңге құраған. Сондай-ақ басқа да азық-түлік өнімдері (картоп, сары май және күнбағыс майы, қант және т.б.) көтерілген бағамен сатып алынды.

Қалыптасқан тәжірибенің жолын кесу және бюджет қаражатын ұтымсыз пайдалануды болдырмау мақсатында прокуратура заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Қадағалау актісі бойынша азық-түлік өнімдерін сатып алу бойынша бұрын қолданылған калькуляция қайта бекітілді, бұл бюджет қаражатының 30 млн теңгеге артық жұмсалуына жол бермеді.

Уәкiлеттi орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткiзушiлерiмен қосымша келiсiмдер жасасу жөнiнде жұмыс жүргiзуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz