Алдағы 3 күнде Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық «» мамандарының хабарлауынша, ақпанның 15,16,17 күндері
Қар жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
15 ақпанда түнде сынап бағанасы 22-27 градусқа дейін түседі, ал күндіз 16 градусқа көтеріледі.
Ақпанның 16-сында түнде 23 градусқа дейін суық болады, күндіз 8-13 арасында.
17 ақпанда қалың тұман түсіп, ауа райы біршама ашылады. Түнде 8-13, күндіз 3-8 градус суықтықты көрсетеді.