СҚО-да күн суытады

Авторы: Qyzyljar News

15 қарашада еліміздің 9 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болып, қар ұшқындайды деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан оңтүстік шығысқа ойыса 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 25 м/с жетеді. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz