Солтүстікқазақстандық оқушылар апаттық жағдайдағы мектепте оқуға мәжбүр

Авторы: Qyzyljar News

Ақжар ауданындағы Кіші-Қараой мектебінің қабырғасы көгеріп, едені шіріп, опырылып жатыр. Тозығы жеткен оқу ұясында 72 бала білім алады. Сонымен қатар, шағын орталыққа 15 ұл-қыз барады. Апаттық жағдайда оқитын балалардың ата-аналары оқушылардың денсаулығына алаңдап, дабыл қағуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Үш қабатты ғимарат осыдан 44 жыл бұрын салынған. Ауыл тұрғындарының сөзінше, нысан содан бері бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмепті. Күтім көрмеген шатырдан аққан судың кесірінен мектеп бөлмелерінің қабырғасы дым тартып, тіпті көгеріп кеткен.

whatsapp image 2022 02 15 at 11.30.03 whatsapp image 2022 02 15 at 11.30.04

– Шатыр тозған. Спорт залы мен акт залының төбесінен су сорғалайды. Сондықтан дене шынықтыру сабақтары кабинеттерде өтеді. Күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Жөндеу жұмыстарына 250 млн теңге керек. Қаржы бөлінсе, күрделі жөндеу басталады. Тек төбені ғана емес, мектеп ішін түгел жаңалау керек, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының мамандары соңғы 3 жылда 14 миллиард теңгеге жуық қаржыға 302 мектеп жөндеу көргенін айтады. Биылғы жылы тағы 25 білім ұясы жаңартылмақ. Бүгінде өңірдегі 39 нысан күрделі жөндеуді қажет етеді.

whatsapp image 2022 02 15 at 11.30.03 1

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz