Зардап шеккен әрбір төртінші жаяу жүргінші жол-көлік оқиғасына кінәлі

СҚО-да полицейлер жолдарда профилактиканы күшейтті

Авторы: Марат Шынтеміров

    Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жаяу жүргіншілерді қағып
кетумен байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмысты
күшейтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызыметінің мәліметі бойынша, ерекше бақылауда — «Алтын арман» және «Тайга» базарларының маңы, Петропавлдағы басқа да адамдар көп шоғырланған жерлер. Тәжірибе көрсеткендей, дәл сол жерде адамдар белгіленбеген жерден көшені өтеді — және дәл сол жерде олардың өміріне үлкен қауіп төнеді. 7 ай ішінде облыс
орталығының аумағында жаяу жүргіншілерді 44 рет қағып кеткен.
Жыл басынан бері облыста дәл осындай 53 жол көлік оқиғасы тіркелді,
салдарынан 2 адам қаза тауып, 52 адам түрлі дене жарақаттарын алды.
Шамамен әрбір төртінші адам жақын келе жатқан көліктің алдында
белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп зардап шегіп, 15 жол-көлік оқиғасына
жаяу жүргіншілердің өздері кінәлі болды.
«Айта кету керек, зардап шеккен 20 жаяу жүргінші кәмелетке толмаған,
— деп хабарлайды Солтүстік Қазақстна облысы полиция департаменті
бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құрманғали
Ысмағұлов. — Ересектерден жолда жүру-тұрысы балаларға үлгі болатынын
есте сақтауларын сұраймыз.

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 12
тамызда басталған «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты
жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайтуға бағытталған.
Қаңтар айынан бастап Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 4719 жаяу жүргінші мен жаяу жүргіншіге жол бермеген 619 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz