Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өзгерісі қаншалықты?

Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының Ұлттық статистика бюросындағы былтырғы және биылғы тамыз айындағы бағаларына талдау жүргізді.

Авторы: Марат Шынтеміров

ӘМАТ тауарларына енетін өнімдердің басым бөлігінің бағасы былтырға қарағанда арзандаған.

Сұйық май: елде жыл басынан  сұйық майдың бағасы 15%  арзандаған. Былтыр тамызда сұйық майдың 1 литрі 781 теңге болған болса, биыл бұл баға 626 теңгеге дейін арзандаған.

Пияз:  еияз бағасы  былтыр 177 теңге болса, биыл дүкен сөрелеріне 129 теңгеден сатылуда.

Қырыққабат: еырыққабат осыдан 1 жыл бұрын 159 теңгеден сатылған болса, қазір республика бойынша орташа бағасы 124 теңгені құрап тұр.

Қант: былтыр қанттың 1 келісі 434 теңгеге дейін жетсе, қазір оның бағасы 415 теңгеге арзандаған.

Сәбіз:  сәбіздің келісі бір жыл бұрын 198 теңгеден саудаланса, биыл 188 теңгені құрап отыр.

Қарақұмық жармасы: қарақұмық жармасының құны тура 1 жыл бұрын 338 теңге болса, қазір республика бойынша орташа баға 222 теңгеге арзандаған.

Бидай ұны: бірінші сорт бидай ұнының 1 келісі  2023 жылдың тамызында 232 теңге тұрса, биыл 228 теңгеге түскен.

1 жыл ішінде тұз бен рожки бағасы еш өзгеріссіз қалған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz