Қазақстанның Энергетика министрі: «СҚО-да сұйылтылған газдың шекті бағасы – 70 теңге»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездескен Энергетика министрі Болат Ақшолақов, өңірде сұйылтылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасы 1 литр үшін 70 теңгені құрайтынын атап өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында 18-ге жуық газ желісі ұйымдары мен 108 автомобильге газ құю станциясы бар.

-Биыл  қаңтарда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйылтылған газдың шекті бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеуді белгіледі және бекітті, оған сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында газдың литрі 70 теңге, деді Министр.

 

Облыста сұйылтылған мұнай газын тұтыну 2021 жылы 57,6 мың тоннаны құрады. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында шамамен 17,7 мың тонна тұтынылды.

Ведомство басшысы Энергетика министрлігі ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын және бағаның алыпсатарлық өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ете отырып, сұйытылған мұнай газ нарығын реформалау бойынша шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

— Шаралардың бірі ретінде өндірушілер белгілеген бөлшек сауда бағаларын негізге ала отырып, сұйылтылған мұнай газының шекті көтерме бағаларын айқындау жөніндегі әдістеме әзірленетін болады, бұл түсімді зауыттар мен сатушылар арасында әділ бөлуге мүмкіндік береді, деді Болат Ақшолақов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz