ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН АЙЫППҰЛ

Облыс прокурорлары мемлекеттік кірістер органдарының заңсыз салынған айыппұлын сот тәртібімен бұзды

Авторы: Зарап Құсайынов

    СҚО прокурорлары мемлекеттік кірістер органдарының заңсыз салынған айыппұлын сот тәртібімен бұзды.Талдаумен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарын өрескел бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Мәселен, Уәлиханов ауданының кәсіпкерлік субъектісі аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қаулысымен арнайы есепке қоймай айналымдарды жүзеге асырғаны үшін Кодекстің 275-бабы 5-бөлігі бойынша 36,4 млн. теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынған. Қадағалау органы аталған қаулыға аудандық сотқа наразылық келтірді, өйткені Басқарма қабылдаған шешім Кодекс талаптарын елеулі бұза отырып шығарылған.

Уәлиханов аудандық сотының қаулысымен прокуратураның наразылығы қанағаттандырылды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, айыппұл салу туралы шешімнің күші жойылды. Сот актісі заңды күшіне енді. Нәтижесінде қабылданған қадағалау шаралары жергілікті кәсіпкердің құқықтарын қорғауға қол жеткізді.

Қадағалау органы бизнес субъектілеріне олардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда олар облыс прокуратурасының қызметкерімен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ (байланыс телефоны +7-771-362-08-99) арқылы тікелей байланыса алатынын еске салады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz