СҚО-да жыл басынан бері жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Есірткі қылмысының үштен екісі «синтетика» айналымымен байланысты.

Авторы: Марат Шынтеміров

Жыл басынан бері орын алған 149 есірткі бұзушылық фактісінің 97-сі «синтетика» сатуы болған. Бұл ретте барлығы 81 сауда тіркелсе, оның 73-і синтетикалық есірткі заттарын сату фактілері, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

«Олардың таралуына қарсы күрес полиция қызметінің басымдықтарының бірі болып табылады, — деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының м.а. полиция майоры Руслан Үмбетов. — Жедел уәкілдер есірткінің заңсыз айналымының жолын кесуге ғана емес, сонымен қатар есірткі жарнамасын, тыйым салынған заттарды сататын интернет-дүкендерді, есірткі курьерлерін тартатын ресурстарды анықтауға және бұғаттауға бағытталған. Қаңтар айынан бастап бұғаттауға осындай 48 ресурс жіберілді. Өңіріміздің белсенді азаматтары  күмәнді адамдар туралы ақпаратты t.me/sko_narkohelp_bot есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының Telegram-ботына хабарлай отырып, сыртта қалмайды. Қазіргі уақытта облыс тұрғындары полицияға хабарлаған екі өткізу фактісі бойынша тексерістер жүргізілуде».

Жалпы жыл басынан бері облыста полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 476 килограмм 446 грамм әртүрлi есiрткi заттары тәркілеген. Оның ішіндегі 5 килограмм 611 граммы синтетикалық есірткіні құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz