Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережелеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Енді Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштігі кестесін тестілеу ғимаратына кіргізуге болмайды. Калькулятор мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді қолдануға да тыйым салынған.
Сонымен қатар, пейджер, ұялы телефон, планшет, iPad, iPod, SmartPhone, рация, ноутбук, плейер, модем (мобильді роутерлер), смарт сағат, сымды және сымсыз құлаққап, микроқұлаққап, сымсыз бейнекамера, GPS навигатор, GPS трекер, қашықтан басқару құрылғылары ҰБТ-ға кіргізілмейді.
Әрі сынаққа қатысуға өтініш беру мен тестілеуді өткізу мерзімдері өзгертіліп отыр. Жаңа ережелер бойынша түлектер:
-тестілеу жүйесіне кіру үшін жеке сәйкестендіру нөмірі мен құпиясөзін көрсетуі;
-компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы авторизациядан өтуі;
-«ҰБТ тестілеу» интерфейсін ашуі;
-тест тапсыру тілін таңдауі (бұл ретте тест басталғаннан кейін ол өзгермейді);
-бейіндік пәндер комбинациясын таңдауы және таңдау дұрыстығын растауы қажет.
Егер де ҰБТ тапсыру ғимаратында электр жарығы өшіп немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да жағдайлар орын алып жатса, сынақ уақытша тоқтатылады және басқа күнге ауыстырылады.
ҰБТ басталғаннан кейін 120 минут өткен соң берілетін үзіліс 15 минуттан 3 минутқа дейін қысқартылды.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (көру, есту, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған) тест тапсыру үшін қосымша 40 минут уақыт беріледі.
Биыл облыс бойынша 3368 оқушы мектеп бітіреді. Бүгінге дейін 1386-сы ҰБТ-дан өткен.