Ұлытау облысының делегациясы СҚО-да болды

Авторы: Марат Шынтеміров

Өңірде Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы бастаған делегация болды. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының қатысуымен өткен кездесуде екі өңір арасында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.  

Айыртау ауданында Ұлытау облысының делегациясы мен қонақтарға Солтүстік Қазақстан облысының туризм саласының картасы және Имантау-Шалқар курорттық аймағының даму әлеуеті таныстырылды.
Қазір курорттық аймақта 2,6 мың демалушыны қабылдай алатын 44 демалыс орны бар. Оның ішінде 8 нысан жыл бойы жұмыс істейді. Инвесторлар жыл бойы жұмыс істейтін экоқонақ үйлер, глэмпингтер мен автокеруен салу бойынша 19 жобаны жүзеге асыруға кірісті. Инвестиция көлемі 4,5 млрд теңгені құрайды.
Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шалқар және Имантау көлдерінде 2 судан құтқару бекеті салынады.
Туристер үшін жолдардың жағдайы маңызды. Лобаново ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін асфальт төселді. Курорттық аймақ ішінде де жол жөнделуде.
Жалпы, бұл жұмыс өңірімізде туристік қызмет көрсету сапасын жақсартып, демалушылар ағынын көбейтуге мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz