Экология департаментінде — жаңа басшы

Авторы: Зарап Құсайынов

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті басшысының өкімімен  Талғат Сәбиев облыстық экология департаментінің басшысы болып  тағайындалды. Ол  1978 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

2002 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Заңгер», 2016 жылы академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «Экология» мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы «Чернышевский»  серіктестігінде  заңгер-кеңесші  болып бастаған.

Кейін Қостанай қалалық сот әкімшілігінде сот орындаушысы, Қостанай қаласы әкімі аппаратының бас маманы, Көші-кон комитеті Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы, Бақылау және әлеуметтік  қорғау комитеті Қостанай облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы болып еңбек етті.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жалпы еңбек өтілі 12 жылдан асады.  2020 жылдан  осы тағайындауға дейін Қостанай облысы бойынша экология департаментін басқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz