КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА БЕС АСЫҚТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЛТЫН ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Жеңімпаздар қатарында - жерлес спортшы қызымыз Сәния Аскер

Авторы: Зарап Құсайынов

Қазақстан қыздар құрамасы бес асықтан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды. Жеңімпаздар қатарында — жерлес спортшы қызымыз Сәния Аскер. Сәнияні осы дәрежеге жеткізген оның жеке бапкері Ағжан Сұрағанов. Ағжан Жайықұлын да Сәния мен қоса осы жетістіктеріменен құттықтаймыз!

А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы Ресеймен бақ сынасты. Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

fe0c2f8d 6128 43c9 b0d7 ba2ad67d78ee 5bdca049 e712 4b0a 8828 d06643f69e28 8f6cfc9e 9ee4 4478 b5c4 30a768983792

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz