Қорқытып ақша бопсалаған

Авторы: Зарап Құсайынов

Облыстық полиция депаратменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 19 жастағы петропавлдыққа қатысты жасалған қорқытып алу фактісін анықтады. 20 тамызға қараған түні бейтаныс адамдар оған дене күшін қолданатындықтарын айтып қорқытып, мобильдік қосымша арқылы 30 мың теңге несие ресімдеуге және оны қолма-қол ақшаға айналдыруға мәжбүрлеген.

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 6637 әскери бөлімінің «Б» тобымен бірлесіп, қорқытып алуды жасады деген күдікпен облыс орталығының 20 — 22 жас аралығындағы үш тұрғынын ұстады.

-Қазіргі уақытта күдіктілер күзетпен қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр, — дейді облыстық полиция департаманті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев. – Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігіне сәйкес адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қорқытып алушылық үшін олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жыл басынан облыста қорқытып алудың 16 фактісі тіркелді. Олардың барлығы ашылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz